Анонс

13.03.2020ж. туберкулездің алдын алу бойынша Қостанай қ. №13 НМ пен ҚИнЭУ базасында «Қазақстанның болашағы – салауатты жастар!»  ұранымен конференция.

13.03.2020ж. ұстаздар арасында, Қостанай қ. №3 емханасы қатысуымен «СБІ алдын алу. Скрининг. ҚД, инсульт пен семірудің алдын алу» акция.

13.03.2020ж.  А.Байтұрсынов ат. ҚМУ студенттер арасында  «Темекі мен туберкулез» конференция

13.03.2020ж. ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының студенттері мен ұстаздары үшін «Мінез құлықтың қауіпсіздік факторлары. Туберкулез» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел

Л.Толстой атындағы кітапханасында алдын алу шаралар

СӨС орталығы, №1 емханасымен бірлесіп, Л.Н.Толстой атындағы кітапханасының қызметкерлері үшін сүт безінің қатерлі ісігінің алдын алу, қант диабеті мен семіруді алдын алу, қандағы қант, холестерин деңгейін өлшеу, артериалдық жыне көз қысымын анықтау бойынша акция ұйымдастырды.  Кітапхананың қыз-келіншектері сүт безінің алғашқы қаралу мүмкіндігіне ие болды. Барлығы акцияға 45 адам қатысты, солардың ішінде терапевт дәрігері жоғары артериалды қан қысымымен 4 адам, онкомаммалог дәрігері 5  әйелді қайтадан дәрігерлік тексерістен өтуге жіберді.

 

4 наурыз - Дүниежүзілік адам папилломасы вирусына қарсы екпе күні

Адам папилломасының вирусы (АПВ) - әйелдерде болатын ең қауіпті онкологиялық аурулардың бірі жатыр мойны обыры дамуының негізгі себебі. Бұдан басқа, АПВ – жыныстық жолменкөп таралған әйелдер инфекциясы және инфекциялармен байланысты болатын барлық онкологиялық аурулардың жартысының көбісіне себеп болады.